Воскресенье, 28.04.2024, 02:32
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" Абай

Шығармашылық жетістіктерім

Колледжішілік ҚР тілдері күніне арналған «Қазақстан – достық мекені», «Тіл – ұлт мерейі» атты апталық және онкүндік іс-шараларға қатысып Ақұштап Бақтыгерееваның Жұбан Молдағалиевке арнаған «Ерлікті көзбен көрген күн» атты өлеңін дауысының шеберлігімен, көркемдігімен көрермендерді жылатып, назарында қалғанымен қоймай, ең үздік деп танылғанын ерекше айтуға болады. Сонымен қатар ұлы ақын, жазушы Қадір Мырзалиевтің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ақын шығармашылығын насихаттау мақсатынада көркемсөз оқу байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленіп, әділ-қазылар мақтауын асырып, маңдайынан сүйіп, ақ батасын алғанда көзімізге ерксіз жас келгені рас. Дәл осындай мақсатта БҚО колледждері арасындағы Қадыр оқуларының «Мәнерлеп оқу шебері» номинациясымен ақынның сөзіне жазылған «Тамаша әнін» керемет орындап «Қ.Мыза Әлі» қоғамдық қорының директоры, ҚР еңбек сіңірген Қайраткері Донеділ Қажымовтың қолынан диплом алдым.