Воскресенье, 28.04.2024, 03:03
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" Абай

Қосымша ақпарат

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжіне келген күннен бастап, менің оқуға деген ынтам арта бастады. Одан кейін, тек оқуда ғана емес колледжішілік шараларға да қатысып, үздік деңгейде өнер көрсетіп, көптеген мақтау қағаздарын алдым. Және де Домбыра, гитара үйірмелеріне қатыстым. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы» атты Қадір атамыздың 80 жылдығына орайластырып өткізілген облыстық жарыста ақынның сөзіне жазылған «Тамаша» әнін орындадым. Колледжішілік шара Наурыз мерекесіне арналған концерттерде басты рөлде болып «Бәйшешектің» бейнесінің көктемде жаңадан ашылғанын көрсеттім, Қазақ биін нақышына келтіріп биледім. Алдағы уақытта оқуымды жақсы бағамен аяқтап, диплом иеленіп, бәсекеге қабілетті мамандардың бірі болғым келеді. Бүгінгі күні еліміз кемеліне келіп, келелі істердің басында дүние жүзіне таныла бастаған шақта уақыт үдесінен шығып, заман талабына ілесе білуіміз қажет деп ойлаймын.