Воскресенье, 28.04.2024, 13:11
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" Абай

Менің 3 тілегім

Өзіме:

«Тілегенің алдыңнан Іздемей – ақ табылар»-деп Ы.Алтынсарин атамыз айтпақшы, әр адамның жан дүниесінде таусылмайтын тамыры жайылған арман, тілегі болады. Өзіме ешқандай тілек тілемес едім. Себебі, барлығы Алланың қалауымен болады деп ойлаймын. Болашағыма сенемін.

Колледжіме:

Біздің БҚЖМК Қазақстан бойынша 6 ең үздік колледж қатарына енгені бәрімізге мәлім. Ол, әрине, табжылмай, бар білімін сарп еткен оқытушыларымыздың арқасы деп білемін. Қазір, Аллаға Шүкір бұрыңғы заман емес. Бүгін де дамыған мемлекеттердің озық технологияларын барлық салада қолданып келеміз. Яғни,солардың шығарған көліктерін мінеміз, тауарларын тұтынамыз. Бірақ, бір өкініштісі біздің елде дүниежүзілік жоғары деңгейге сәйкес құрал – жабдықтар, дәрілер шығарылмайды. Бізде мамандар тапшылығы, технология, жабдық тапшылығы әлі де байқалып келеді. Соған байланысты болашақ медицина қызметкері ретінде колледж үшін тілегім: Әлемдік білімге толыққанды қол жеткізу үшін студенттеріміз ана тілімізбен қатар ағылшын тілін жетік білсе екен деймін. Себебі, қазіргі ноотехнология мен білімнің заманында ол ауадай қажет. Біздің басты міндетіміз –оқу, оқу, және оқу. Ал, егер біз тек қазақ тілімен ғана шектелмей ағылшын тілін де қатар оқысақ, үздік те тәжірибелі студенттерімізді шет елдерге шығарып жоғарыда айтқандай дүниежүзілік жоғары деңгейдегі құрал-жабдықтарды меңгеріп, сол жердің тыныс-тіршілігімен танысып, шет елден алған білімдері мен тәжірибелерін бізбен бөліссе, жақсы емес пе? Соңында айтарым, әр азамат, басқаны сынап ,мінемей, ғылым, білім қуып, жоғары, сапалы еңбектенсе біздің еліміздің болашағы зор болады деп сенемін.

Қазақстаныма:

«Қазақстан үшін не тілер едіңіз?» деген сұраққа көп ойландым, іздендім. Қазіргі таңда біз біле бермейтін, біз біліп, көзбен көріп, құлақпен естіп жүрген көптеген түйіні шешілмеген мәселелер толып жатыр. Сол мәселедердің шешімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасымыздың бағдарламасы орындалса екен деп тілеймін. Маған осы мақаладағы «Туған жер» жобасы қатты ұнады. Себебі, бүгінгі таңда деген халықтың 99% ы бос уақыттарын тек әлеуметтік желіде отырып өткізеді. Ол адамның санасын улайды. Ал, керісінше, сол уақыттарын кішкене болса да туған жеріне титімдей болса да көмектессе, қандай жақсы? Сонымен қатар, саусақтарының ұшын тигізіп жақсылық жасамайтын бай-манаптар толып жатыр. Оларда мұндай түсінік те жоқ. Тек қарындары тоқ, қалталары қалың болса – соған мәз. Ал сол байлық туған жердің қойнынан табылғанын білмейді, саналары жетпейді де. Мен биыл Аллаға Шүкір деп үлкен маман иесі атанайын деп жатырмын. Құдай сәтін салса, оқуымды аяқтаған соң ауылыма барып емделуге келген науқастарды қарап, ауылымның гүлденуіне үлесімді қоссам деймін және соған міндетті түрде жетемін. Сөз соңында айтарым Елбасымыздың осы мақаласы бітеу жандардың жүрегін жібітер деген үміттемін.