Воскресенье, 28.04.2024, 11:01
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" Абай

Мамандығыма байланысты кәсіби бағыттағы жетістіктерім

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі жаңа инновация, жаңашыл идеяларымен бірге, бітіруші түлектерінің жұмыспен қамтылуы бойынша да оң нәтижеге ие. Мектеп бітіруші түлектердің арасында оқушыларға кәсіби оқыту мен болашақ мамандықты таңдауға қолдау көрсету мақсатында «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» тақырыбына баяндама оқыдым.

Орал қаласындағы мектептер мен жоғарғы және орта білім беру колледждері арасындағы энтеробиозге қарсы  санитарлық ағарту жұмыстарын өткізу үшін еріктілер жұмысы ұйымдастырылып  сол еріктілер тобымен жұмыстанған болатынмын.

«Гельминттермен қоршаған ортаның ластануы» тақырыбына баяндама оқыдым.

«Педикулез жөнінде білесің бе?» тақырыбына санбюллетень жасақтап шығарып мектеп оқушылары арасында «Шаш – тері ауруларын алдын алу»  тақырыбына баяндама оқыдым.